Тәуелсіздік — 30

Жастарға 3 миллион теңгеден грант беріледі

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау 19 шілде мен 20 қыркүйек аралығында өтеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген дарынды жастарға нақты қолдау ретінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындау қажеттігін атап өткен болатын. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аталған грантты тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында 3 миллион теңге көлемінде 30 грант берілетін болады.

Грант берудің мақсаты — белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау. Грантқа жасы 14 жастан кем емес, 29 жастан аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша тағайындалады.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс), 8 7172 74-05-25, (87058223333), generation.kaz@gmail.com (электрондық нұсқасы)

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button