Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтер көрсетілді

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Алға ауданында көшпелі отырыс өткізді.

Алға аудандық ауруханасында 20 тұтынушыға мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Сондай-ақ №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары дәрігерлердің қатысуымен семинар ұйымдастырды.

Алға ауданы бойынша биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 51 адам мүгедек ретінде танылды. Бұл көрсеткішті өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,9 пайызға төмен. Халық арасында мүгедектерді толық оңалтудың көрсеткіші 0,3 пайызға жақсарған.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерді электронды форматта көрсету жоспарланып отыр. Соған сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау қорытындысы сапалы орындалуы керек. Яғни бір айдан кешіктірілмейтін уақытқа жарамды науқастың нақты объективтік деректері, зерттеудің және дәрігерлердің қорытындылары көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар оңалту іс-шараларын өткізу жоспары толтырылады. Клиникалық диагнозда негізгі және ілеспелі ауруының барлық асқынулары көрсетіледі.

Алғашқы мүгедектіктің алдын алу өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Бұған жиі және ұзаққа созылатын ауруларды диспансерлік бақылау, оңалту шараларының кешенін уақтылы өткізу жұмыстары жатады.

 Р.НЕТАЛИНА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

Ақтөбе облысы бойынша департаменті

№3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button