Жаңалықтар

Алдағы үш күн жаңбырлы болады

«8-10 шілде аралығында еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ қатты жел болады», — деп хабарлайды «Казгидромет».

Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронталды бөлімдералдағы үш күнде Қазақстанның бүкіл аумағын қамти отырып, солтүстік-шығысқа ығысатын болады. Осыған байланысты батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста күн райы бұзылып, қатты жаңбыр жауады.

Республиканың батысында түнде ауа температурасы +13+23℃ болса, күндіз +23 +32℃, ал солтүстік, солтүстік-батысында түнде +10+21℃ , күндіз термометр бағаны +20+28℃ дейін жетеді. Елдің орталығы мен шығысында түнде +13+23℃, күндіз +25+37℃, ал оңтүстік,  оңтүстік-шығысында түнгі температура +18+25°С, күндіз +30+42°С-қа дейін ысиды.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button