Жаңалықтар

Суға түскенде сақ болыңыз!

Суда қауіпсіздік ережелерін сақтамау ауыр жағдайларға, тіпті адам өліміне әкеліп соқтырады. Қайғылы жағдайлардың көбі тыйым салынған аймақтарға суға түсіп, қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамағаннан болып жатады.

Тұрғындардан алдымен суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдап алуларын сұраймыз. Суға түсуге болмайтын белгіден аспау керектігін, сондай-ақ мас күйінде және  тыйым салынған аймақтарға суға түсуге болмайтынын тағы да ескертеміз.  Суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзуге де болмайды.

Ал ата-аналарды барынша сақ болып, суға шомылу кезінде балаларын қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

 Б.Сағиев,

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі

бастығының орынбасары,

азаматтық қорғау капитаны. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button