Мәдениет

Түркістаннан жүлдемен оралды

Өткен аптада Түркістан қаласында өткен«Қазақстан таланттары» атты республикалық байқауға қатысқан халықтық ұжым — «Атамекен-Асылым»  ансамблінің қанжығасы майланып қайтты.

— Байқауға қатысушылар бес кезеңде бес шығарма орындап, бақтарын сынады. Ансамбль мүшелерінің бәрі бара алмады. Жеті адам болып барыпқайттық. Номинация талаптарына қарай, бес ән орындадық. Біреуінен Гран-при, төртеуінен бірінші орынды жеңіп алдық, — дейді аталған ансамбльдің көркемдік жетекшісі Қарагөз Сағынова.

2018 жылы қалалық Мәдениет үйі жанынан құрылған «Атамекен-Асылым» ансамблі бұған дейін де ресубликалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орын алып жүр.

Енді ансамбль шілде айының соңында Қырғызстан жерінде — Ыстықкөлде өтетін фестиваль-байқауға қатыспақ. Қарагөз Сағынованың айтуынша, олар бұл жолдаманы пандемиядан бұрын жеңіп алыпты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button