Жаңалықтар

МӘМС: облыс халқының 83 пайызы сақтандырылған

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Батырбек Нұрғалиев

пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров облыстағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірінші тоқсаны бойынша баяндады.

Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, биыл медициналық қызметтер жүйесіне 71 миллиард 984 миллион теңге қаражат қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға көп.

— Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста 63 медициналық мекеме сақтандыру қорымен шарт жасады. Оның 35-і — мемлекеттік, 28-і — жекеменшік нысандар.

Биылғы басым бағыттардың бірі — амбулаторлық-емханалық деңгейде медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру, күндізгі стационарларды қаржыландыруды ұлғайту. Елеулі қаражат ауылдық медицинаны дамытуға, пандемия мен цифрландыру мүмкіндіктерін ескере отырып, қашықтан көрсетілетін қызметтерді одан әрі жақсартуға жұмсалады. Былтыр 6 автобус базасындағы көшпелі медициналық кешенді сатып алған болатынбыз. Бұл жылжымалы кешендер облыстың Байғанин, Мәртөк, Қарғалы аудандарында бар. Жыл аяғына дейін барлық облыс аудандарын қамтамасыз ету жоспарланып отыр, — деді Б.Ізбасаров.

Оның айтуынша, биыл коронавирус инфекциясына қарсы күрес аясындағы шараларды қаржыландыруға 2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Оның бір бөлігі медицина қызметкерлеріне үстемеақы ретінде берілген.

Бүгінде облыс халқының 83 пайызы сақтандырылған, 17 пайызы сақтандырылмаған. Бұрын дәрі-дәрмекпен 55 834 пациент қамтамасыз етілсе, биыл олардың саны 61 341 адамға дейін өскен.

Қор жұмысының басты бағыттарының бірі  — халықпен кері байланыс орнату және олардың құқықтарын қорғау. Қордың ресми кері байланыс орталықтары мен әлеуметтік желідегі парақшаларына  облыс тұрғындарынан 12 мыңнан астам өтініш түскен.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button