Жаңалықтар

Облыс мектептеріне 139 мұғалім жетіспейді

Облыстық мәслихатта денсаулық және білім беру мәселелері талқыланды.

Облыста онкологиялық ауруға шалдыққандарды емдеуде ерте диагностикалау әлсіз,  мамандандырылған кабинеттер мен дәрігерлер жеткіліксіз екен.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры Мұрат Телеуовтың айтуынша, Ақтөбе қаласында облыста тәулік бойы қызмет көрсететін онкологиялық стационар жұмыс жасайды. Ауысымына  200 адам қабылдайтын консультациялық-диагностикалық емхана, амбулаторлық химиотерапия кабинеті, 27 онколог кабинеті бар. Облыста 7 563 адам қатерлі ісікке шалдыққан. Онкологиялық ауруларды ерте диагностикалауда әлі де проблемалар бар. Онкокабинеттер мен штаттық онколог дәрігерлер жеткіліксіз.

Облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева биыл 126 білім беру ұйымы тексерілгенін айтты. Нәтижесінде 73 мектепте  379 заңбұзушылық анықталған.

Түскен шағым бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 6 әкімшілік іс анықталып, ата-аналар мен лауазымды тұлғаларға айыппұл салынған. Облыс мектептеріне 139 мұғалім жетіспейді. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау бойынша да кемшіліктер анықталған.

Баяндама жасаушыларға  депутаттар  сұрақтар қойып, тиісті қаулылар қабылдады.

Ақтөбе облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button