Жаңалықтар

Екпе егу оразаны бұза ма?

Негізінде, шариғат бойынша ауыз, мұрын, тікішек, яғни табиғи жолдар арқылы қабылданған қорек, су, дәрі-дәрмек оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды.

Қазіргі заманғы ислам ғалымдары екпе арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) етіп, екіге бөліп қарастырады. Олар: «Тері астына және бұлшық етке емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) ине салса, ауыз ашылмайды», — деп айтады. Бірақ көк тамырға екпе салу (қан құюдан басқа) мәселесінде ғалымдардың көзқарасы әртүрлі. Ғалымдардың көбі «Тамырға салынатын ине денеге қуат, азық болмаса, ораза бұзылмайды» дейді.

Екпе (вакцина) — бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) инемен екпе егу оразаны бұзбайды.

 Хасан АМАНҚҰЛ,

ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button