Жаңалықтар

Мұғалімдер шипажайда демалып қайтты

Кәсіподақ

Наурыз мейрамы қарсаңында  облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен облыстық білім басқармасы 50 ұстазға Алғыс хат табыстап,  «Денсаулық» шипажайына тегін жолдама сыйлаған болатын. 

Сол ұстаздар қауымы көктемгі каникул кезінде Есік қаласының маңындағы таулы өлкеде орналасқан шипажайда сақтық шараларын сақтай отырып ем қабылдап, керемет табиғат аясында тыныстап қайтты.

Тау бөктерінің сұлулығы мен таза ауасы жанымызды жадыратып, денімізді сауықтырды. Еңбекке деген сүйіспеншілігімізді арттыра түсті.

Бұл — толассыз қайнап жатқан тіршілікте қат-қабат тірлігін қайырып қойып, бар жігерін бала тәрбиесіне, ұлт болашағына арнаған ұстаздар қауымына көрсетілген құрмет пен қадір-қасиеттің артқанының тағы бір дәлелі дер едім.

Мықты ұстаз кемел келешектің кепілі екендігін ескерген қоғам құламасы анық. Әрдайым ұстазға бағыт-бағдар беріп, қайтпас қажыр сыйлайтын облыстық білім басқармасы мен қоғамда салмақты орны бар кәсіподақ ұйымдарына, мектеп басшыларына елеулі құрмет үшін алғыс айтамыз.

           О.МУКИЕВА,   

бастауыш сынып мұғалімі.

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button