Жаңалықтар

Алдын алу шаралары жүргізілуде

Бүгінгі күні Ырғыз ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Коронавирус инфекциясы бойынша тіркелгендер жоқ.

Ауданда індеттің алдын алу бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, аудан әкімдігі жанынан мониторингтік топтар өз жұмыстарын күшейтіп, елді мекендерде тұрғындарға түсіндіру-ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Жолдыбай бастаған басқарма мамандары аудан тұрғындарына Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитарлық  дәрігерінің  биылғы жылғы 30 наурыздағы №ПГСВ-12 Қаулысын түсіндіруде.

Айта кету керек, елімізде пандемия басталғаннан бері Ырғыз ауданында 54 жағдай тіркелген. Оның 38-і — симптомсыз.

Данагүл ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button