Жаңалықтар

Мүгедек балаларды қолдау — өзекті мәселе

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды қолдау. Осындай тақырыпта «ADAL» партиясының мүшесі Ақмарал Бекмырзаева үкіметтік емес ұйым басшыларымен және мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарымен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында елімізде бұл бағытта әлде де жұмыстарды күшейту қажеттігі, ол үшін ерекше балаларға оңалту және физикалық даму мүмкіндіктерін арттыруға арналған арнайы орталықтар жетіспейтіні айтылды.

— Бізге тегін ешнәрсе қажет емес. Біз мемлекеттен тиісті көмектің сауатты, уақтылы және нақты, сапалы болуын сұраймыз, — деді кездесуге қатысушы ата-аналар.

Ақмарал Бекмырзаева «ADAL» партиясы бұл мәселелерді назардан тыс қалдырмайтынын және мұндай проблемалардың нақты шешімдерін әзірлейтінін айтты.

«ADAL» партиясының facebook парақшасынан алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button