Жаңалықтар

Цифрлық телехабар тарату — сапалы жүйе

Телехабар тарату саласының келбеті тез өзгеруде. Белгіленген телеарналар жиынтығын таратудың дәстүрлі тәсілі тұтынушылардың талғамын ескеретіндей әдіске алмасты. Әрбір клиент көптеген ақпараттық ресурстың ішінен өзінің жеке қалауына сәйкес қажеттісін таңдайтын болды.

Бүгінгі күні Қазақстан тұрғындары кабельдік, цифрлық, жерсеріктік, интернет-телевизияны белсенді пайдаланады. Айта кетерлік жәйт, қазақстандықтар пайдаланатын жерсеріктік антенналардың бір бөлігінде арнайы рұқсат құжаты жоқ, өйткені олар шетелдік спутниктік платформалардың бағдарламаларына заңсыз қол жеткізіп отыр. Олар еліміздің жалпы ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін зиянды бәсекелестік туғызады, себебі бұл контент заңмен реттелмеген.

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату —  қызметтің лицензияланған түрі. Алайда, бұған қарамастан, кәсіпкерлер коммерциялық газеттер мен интернет арқылы әртүрлі операторлардың қызметтеріне қосылуды ұсынады: «Радуга», «Ямал», «Телекарта», «Триколор», «НТВ+», т.б. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы заңнамасының бірқатар бұзушылықтарын тудырады.

Заңсыз антенналарды қолданатын ел тұрғындары іс жүзінде республиканың ақпараттық кеңістігінен оқшауланған болып шығады. «Сұр» тәрелкелердің орнына қазақстандық операторлар отандық және шетелдік телеарналарды ұсынады.

Мұндай «тәрелкелерді» пайдалану тұтынушылар үшін мүлдем тиімсіз, өйткені шетелдік операторлардың жабдықтарымен байланысты мәселелер туындаса, онда сіз осы оператордың ел аумағында орналасқан өкілдігіне хабарласуыңыз керек. Шетелдік операторлар тыйым салынған тауарлар мен қызметтердің жарнамаларын таратқан кезде, жарнама заңнамасын бұзушылық та бар.

Соңғы жылдары цифрлық хабар таратуды белсенді түрде енгізу кезінде елімізде отбасылардың көпшілігі қазақстандық телеарналардың кең спектріне абоненттік төлемсіз және өте жақсы сапада толық қол жетізе алатынын атап өткен жөн. Цифрлық сигнал кедергілерге төзімді және көрермендерге түпнұсқа түрінде, шу мен бұрмаланусыз, тіпті ең шалғай орналасқан елді мекендерге де беріледі.

Қазақстан халқы облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 30 шақты, ал  аудан деңгейінде, елді мекендерде 15-ке жуық телеарнаны көре алады. Әртүрлі телеарналар қарастырылған, мемлекеттік және орыс тілдерінде хабар таратумен қамтамасыз етілген. Сапалы телевизия көру үшін теледидарды ауыстырудың қажеті жоқ, әдетте олар цифрлық сигнал қабылдайтын DVB-T2 стандартын қолдайды. Сізге қарапайым дециметрлік антенна қажет, ал егер теледидар DVB-T2 стандартын қолдамаса, сізге цифрлық қабылдағыш қажет болады.

Цифрлық телевизиялық хабар таратуды дамыту қолжетімді бағдарламалардың санын көбейтеді, интерактивті хабар таратуды енгізеді және халыққа қосымша қызметтер ұсынады. Бұл сонымен қатар елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, теледидар бағдарламаларының кескіні мен дыбысының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2022 жылға қарай цифрлық  эфирлік телехабар тарату желісімен Қазақстан Республикасы халқының кем дегенде 95%-ын қамту жоспарланып отыр.

 

Т.САҒЫНБАЕВ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button