Жаңалықтар

Тұрғындарға «Arman qala» жобасы таныстырылды

Мұғалжар ауданы Қандығаш қаласының тұрғындары «ARMAN QALA» көше саудасын дамыту жөніндегі әлеуметтік жобаға қызығушылық танытты.

Мұғалжар аудандық әкімдігінің арнайы шақыруымен «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметкерлері Қандығаш қаласында болып, жергілікті халыққа аталған жобаның шарттарын түсіндірді. Корпорацияның департамент директоры Үмітбек Ермағанбетовтің айтуынша, аудан тұрғындары «ARMAN QALA» әлеуметтік жобасы арқылы жер учаскесін жалға алып, көше павильонын орната алады. Бұл орайда аудандарда 1 шаршы метр жерді жалға алу құны — жылына 6500 теңге.

Қандығаш қаласының әкімі Талғат Өтемұратовтың айтуынша,  қазіргі күні 18 адам әкімдіктен көше павильонын орнату үшін жер учаскесін сұраған. Оларға  аталған жобасы арқылы жер алу ұсынылыпты. Корпорация өкілдері кездесу барысында тұрғындарға  әлеуметтік жоба туралы толық ақпарат берді.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button