Жаңалықтар

Әскерилер сынақ тапсырды

ҚР Қарулы күштеріне қарасты облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте  барлық санаттағы әскери қызметшілер қорытынды есеп тапсырды. Ақтөбе қаласы мен 12 ауданнан әскерилер қатысты. Офицерлер мен сержанттар екі күн бойы барлық талапты орындады. Бірінші күні жұмылдыру дайындығы, мемлекеттік құқықтық даярлықтан сынақ тапсырса, екінші күні арнайы даярлық және ҚР ҚК Жарғысын тапсырды. Сондай-ақ атыс алаңына барып ату мен саптық дайындықтан өтті. Денешынықтыру жаттығуларынан өз шеберліктерін көрсетті.

І. ҚҰТАНОВ, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button