Жаңалықтар

Алаяқтардан сақ болыңыз

Ақтөбеде алаяқтық жасайтындар жиілеп кетті. Интернет, оның ішінде инстаграм арқылы алаяқтар  «заттарды арзан бағамен сатамыз» деп, сенімге кіріп, азаматтарды алдап жүр.

Мәселен, 13 ақпанда алаяққа алданған 30 жастағы ақтөбелік  16 мың теңгесінен айырылған. Ал инстаграм арқылы белгісіз адам «ақша айналдырамын» деп 30 жастағы ер адамнан 35 мың теңгені алып қашып кеткен.

Сондай-ақ  OLХ интернет-ресурсын пайдаланып, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы арқылы пәтерді сатып алуға көмектесем деген азамат, қала тұрғынынан  2 миллион 600 мың теңге ақшаны алып, тайып тұрған.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осындай деректер күн сайын тіркеледі. Қазіргі таңда түскен барлық арыздар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Департамент қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырады. Анонимді төлем жүйелері арқылы бейтаныс адамдарға ақша аударған кезде олардың қайтарылатынына кепілдік берілмейтінін ұмытпау керек.

Бүгінгі күні алаяқтық бұрын-соңды болмаған сан алуан тәсілмен және күрделеніп, түрленген түрде жасалып жатыр. Сондықтан сақ болған жөн. Егер алаяқтың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button