Жаңалықтар

Әңгіме өзегі — жемқорлықтың жолын кесу

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаменті №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары елімізде денсаулық сақтау саласына қатысты реформаны жан-жақты түсіндіру мақсатында іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Бір айта кетерлігі, департаменттің №3 медициналық-әлеуметтік сарапта бөлімінің мамандары өздеріне жүктелген аумақтармен қатар бірқатар аудандар бойынша жұмыс жүргізеді. Былтыр дәрігер мамандар облыстың Мұғалжар, Қарғалы, Темір аудандарында болып, ондағы медицина қызметкерлерімен кездесіп, көшпелі семинарлар ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындардың денсаулығын тексеріп, мүмкіндігі шектеулі жандарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаудың жолдарын жан-жақты түсіндірді. Мұндай жұмыстар облыс орталығындағы бірқатар емханаларда да жүзеге асырылды.

Кездесулер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында денсаулық сақтау саласын жетілдіру тұстарымен қатар, жүктелген міндеттер, сондай-ақ елімізде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу шаралары жан-жақты айтылды.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес, цифрландыру, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін модернизациялау турасындағы міндеттер де түсіндірілді. Атап айтқанда, мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау, яғни мемлекеттік қызметті автоматтандыру, электронды жүзеге асыру мәселесі кеңінен талқыланды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметтің ашықтығын, сапалы әрі жедел, қолжетімді болатынын, ең бастысы,  сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алуға негізделетіні сөзсіз. Мұндай жұмыстар биыл да өз жалғасын табады.

Р.НЕТАЛИНА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті

Ақтөбе облысы бойынша департаменті

№3 медициналық-әлеуметтік сараптама

бөлімінің басшысы. 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button