Жаңалықтар

Дала дәстүрі дәріптеледі

Облысымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ұлы Дала дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Сондай шараның бірі қаладағы №17 мектеп-гимназиясында болды.

Оған Ассамблея жанындағы аналар кеңесі, облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашылық ұжымдар және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері қатысты. Шараның мақсаты — көпұлтты халқымыздың бірлігін нығайтып, ұрпақтың мәдени-рухани құндылықтарын қалыптастыру. Сонымен қатар ұлтаралық қатынастарды үйлестіру.

Бұл жолы аталмыш оқу орнында әр ұлт өкілдерінен құралған шығармашылық топ пен өнерпаз оқушылар «Қазақстаным — киелі мекенім» атты концерт ұйымдастырды.  Қазақ халқының көнеден келе жатқан «Шашу» дәстүрі кеңінен насихатталып, театрландырылған көрініс қойылды. Мектеп оқушыларына тұсау кесу рәсімін көрсетіп, баланы бесікке салуды үйретті.

Біздің жыл аяғына дейін жасаған жоспарымыз бар. Бұған дейін «Сарқыт», «Сыбаға» атауларымен Алға қаласына барып концерт беріп келдік. Ассамблеяда 18 этномәдени шығармашылық ұжым бірігіп жұмыс жасайды. Келесі айда «Мейірімділікпен бірлікке» деген ұранмен «Асар» деген тамаша дәстүрді жандандыру мақсатында шара өткіземіз. Жыл соңына дейін «Қамқор», «Тоқымқағар», «Ерулік», «Жылу», «Көрімдік», «Кәде» секілді тағы басқа  ұлттық құндылықтарымызды насихаттамақшымыз, — дейді «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытгүл Снабева.

 Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button