Жаңалықтар

«Ислам ғылымхалы» зияткерлік сайысы өтті

Жарыс С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өтті. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жаншин қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа «Адырна» журналының бас редакторы  Мейірхан Ақдәулетұлы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітің бас имамы Төлеби Оспан, «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығының басшысы Айгүл Дүйсенова  төрелік етті.
Бірінші іріктеу кезеңінен өткен 16 қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды.
Ақтық кезеңде «Кім жылдам?» және «Мен таңдаймын» атты шарттарды орындады. Сондай-ақ сайысқа келген көрермендерге викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген  Талдыбаев дәстүрлі исламға қатысты  уағыз айтты.
Сайыстың нәтижесінде І орынды Қадырбек Өтеулиев, ІІ орынды  Ақмұрза Мейіржан жеңіп алса, ІІІ орынды Айгерім  Есберген иеленді. Жеңімпаздар диплом және  iPhone 6, Huawei P 20, Huawei P Smart  бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Шара соңында сайысқа қатысушыларға облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.

К.СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button