Жаңалықтар

Тақырып — жол-көлік оқиғалары

Конференция

Ақтөбе қаласындағы екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институты базасында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскери қызметшілерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының негізгі деректері бойынша кеңейтілген конференция өтті.  

Басқосуға Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі әскери қызметкерлер шақырылды.

Конференцияда жол-көлік оқиғаларының жиі тіркелетіні, осындай жағдайлардан әскерилердің де көз жұмып, жарақат алу деректерінің азаймай тұрғаны айтылды.

Былтыр гарнизонда 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Нәтижесінде бір әскери қызметші қаза тауып, екеуі жарақат алған. Сондай-ақ, ара қашықтық ережесін сақтамау салдарынан бір «КамАЗ-43114» маркалы жүк көлігіне материалдық зиян келген.

Сондай-ақ, конференцияда Ақтөбе қаласындағы әскери госпитальдің  хирургия бөлімінің дәрігер анестезиологі, медицина қызметінің майоры Ж.Осипова «Ішімдіктің денсаулыққа зияны» тақырыбында дәріс оқыса, гарнизонның әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Қ.Кенжетаев әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жайында баяндады.

Алтынбек ӨТЕСІНОВ,

Ақтөбе гарнизоны әскери полиция бөлімі

әскери автомобиль полиция бөлімшесінің бастығы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button