Жаңалықтар

Мейрамгүл Мәскеуге барады

Байқау

Былтыр «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы елімізде шағын және орта кәсіпкерлік мәселелеріне қалам тербеп жүрген журналистер арасында конкурс ұйымдастырған болатын. Комиссия мүшелері бұл байқауда 15 жеңімпазды анықтаған. Солардың қатарында — «Ақтөбе Медиа» ЖШС құрамындағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» облыстық газеттерінің журналистері де бар. 

Атап айтқанда, конкурстың «Үздік өңірлік насихат» аталымы бойынша «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Мейрамгүл Рахатқызы мен «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Владимир Бурьянов жеңімпаз атанса, әріптестеріміз Кәмшат Қопаева мен Лаззат Егібаева ынталандыру сыйлығын иеленді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Ақтөбе филиалының директоры Берік Нұрғалиев «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ында болып, ұжым алдында жеңімпаздарды марапаттады. Ол өз сөзінде қор қызметі жайында облыстық газеттерде ұдайы мақалалар жарияланып отыратынын айтып, серіктестік басшысы Раукен Отыншинге және журналистер қауымына өз ризашылығын білдірді. Кездесу барысында ол Мейрамгүл Рахатқызы мен Владимир Бурьяновқа арнайы кубок пен дипломды және Мәскеу қаласында кәсіби біліктілік көтеру курсына жолдаманы салтанатты түрде табыстады. Ал ынталандыру сыйлығының иегерлері Алматы қаласында өтетін біліктілік курсында өз шеберліктерін шыңдайтын болады.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button