Жаңалықтар

Облыстық соттың жаңа төрағасы тағайындалды                        

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне Сәкен Жүсіпахметұлы Абдолла тағайындалды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің сот корпусына жаңа басшыны таныстырды.

Шараға облыстық сот алқалары төрағалары мен судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Облыс басшысы жаңа төрағаны тағайындалуымен құттықтап, сот төрелігін нығайту ісіне табыс тіледі.

Ол сондай-ақ, облыстық сот төрағасына сот жүйесі органдарының «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының жаңа кезеңдеріне, сонымен қатар облыс басшылығының, құқық қорғау органдарының облыс халқымен  көшпелі кездесулеріне жүйелі қатысуын қамтамасыз ету туралы ұсынысын айтты.

Бердібек Сапарбаев: «Бастысы, облыстың сот жүйесінде қатаң тәртіп болу керек», — деп атап өтті.

Сәкен Абдолла бұл қызметке тағайындалмас бұрын ҚР Әскери сотының төрағасы болды, сот жүйесіндегі жалпы еңбек өтілі — 18 жыл.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button