Жаңалықтар

«Тәуелсіздік — алтын бесік»

Бәйге

«Ақтөбе Медиа» ЖШС «Бақытты бала» жобасы аясында газеті биылғы жылы мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік — алтын бесік» атты бәйге жариялаған болатын. Жаңа жыл қарсаңында бәйге қорытындысы шығарылды.

«Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин жеңімпаздарды құттықтап, салтанатқа келген олардың ата-аналарына жаңажылдық лебізін білдірді.

Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектептің 6-сынып оқушысы Мерей Тайман, Ойыл ауданы Көсембай негізгі мектебінің 5-сынып оқушысы Мейірім Керей және Мұғалжар ауданы Құмсай орта мектебінің 2-сынып оқушысы Ғанибет Тойбазаров облыстық «Ақтөбе» газетінде жарияланған туынды үшін арнайы дипломға ие болды. Сонымен бірге оларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

— Мен мектепте мұғалім болып қызмет атқарамын. Біз «Ақтөбе» газетін тұрақты алдырып оқимыз. Менің немерем Ғанибет бәйгеге қатысып, жеңімпаз атанғанына қуанышытымын, — деп ауылдан келген ұстаз Қойсын Байғанина өз ойын білдірді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button