Жаңалықтар

Алғыс пен ұсыныс

Азаматтарды қабылдау

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жұма күні азаматтарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген ақтөбеліктер тұрғын үй жағдайларын жақсарту, материалдық және басқа көмек көрсету тұрғысындағы өтініштерін айтып, проблемаларын жеткізді, өңірді дамыту бойынша ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Станислав Винерский облыс орталығының көркейіп келе жатқаны үшін алғыс сезімін білдірді, сондай-ақ қаланың ландшафтық дизайны, саябақтар мен алаңдарды құрылымдау бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты.

Бұл күні облыс басшысы 10 адамды қабылдады.

Бердібек Сапарбаев қабылдауға келгендердің барлығын мұқият тыңдап, олар қозғаған мәселелер бойынша түсінік берді, тиісті мемлекеттік органдарға мәселелерді шешуге қатысты қолданыстағы заңдылықтар аясында ықпал жасауды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button