Мереке

Президент күнін ұлықтады

Тұңғыш Президент күнінен орай Ақтөбе қаласындағы №30 мектепте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мен елімді сүйемін» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Мектепте Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  «100 игі іс — 100 жаңа есім» атты жобасы қолға алынды. Осы мақсатта мектептің бірінші қабатында «Жұлдыздар аллеясы» ұйымдастырылған. Онда мектеп өмірінің жан-жақты дамуына қолдау білдіріп жүрген мектеп түлектері, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкер, демеуші ата-аналардың есімдері жазылған. Олардың игі істерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шарада мектептің өнерлі оқушылары патриоттық өлеңдер оқып, ән мен биден шашу шашты.

Кеш соңында мектеп директоры Жанар Терекова Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтау сөз сөйлеп,  ата-аналар мен мектеп түлектеріне Алғыс хаттар табыс етті.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button