Мереке

Бірде-бір болгар Ақтөбеден көшкен жоқ

Астана — тәуелсіздіктің керемет жетістігі. Елордамыз күннен-күнге ажарланып,

сәулетіне сән қосылып келеді. Әрине, жаңа Елорда салу үлкен ерлік. Бұл — еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жеткен басты жетістігі. Астанамыздың көктеп, көгеруі

Елбасы есімімен тікелей байланысты.

Тұңғыш Президентіміз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің зор мақтанышымыз,

барша әлем таныған саясаткер.

Мен Елбасымызбен бір емес, бірнеше мәрте кездескен адамдардың бірімін. Сол үшінбойымды үлкен қуаныш, мақтаныш сезімі билейді.

1992 жылы Қазақстан халқының бірінші форумы өтті. Сол форумға мен болгар

ұлты атынан қатысуға мүмкіндік алдым. Әрине, Елбасының қатысуымен алқалы жиынбасталар алдында үлкен қобалжудың болғаны рас. Еліміз егемендікке енді-енді қол

жеткізген тұста өткен форумнан көп жаңалықтар күттік. Форумда ел еңсесін тіктеу

бағытында әрі халықтың  рухын, жігерін көтеру жолында көптеген маңызды әңгімелерайтылды.  Бұл — Президентті жақыннан алғаш көрген сәтім еді. Сондағы Елбасының ашық, мейірімді жүзі мен шынайы күлкісі күні бүгінге дейін менің көз алдымда.

Бұдан кейін мен Конгресс холда Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы

Ассамблеясының 10 жылдық мерейтойына арналған форумға шақырту алдым.

Шақырту алып қана қоймай, Елбасының алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болдым.

Әлі есімде, мінбеге дейінгі қобалжудың бәрі Елбасына жақын кеп, сөйлеген сәтте

қалай басылғанын, сол жерде өзімді еркін ұстағаныма әлі күнге дейін таңданамын.

Бұл сәт те Президентіміздің мейірімге толы жүзімен менің есімде қалды.

Ақтөбеде 2009 жылы Достық үйі ғимараты ашылатын болды. Бұл салтанатқа

Нұрсұлтан Әбішұлы қатысты. Осы шарада да мен  ұлтымыздың Көшбасшысы

алдында тағы да сөйлеу мәртебесіне ие болдым.

1992 жылы өткен форумда Ассамблея сөзі айтылғанда, бұл сөз алыс әрі түсініксіз

нәрсе болып сезілген еді. Ал қазір осы Ассамблеяның алдындағы басты міндет —

этникааралық қатынас саласында мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру.

Қазірде облыс хатшылығымен бірге аймақтағы этникааралық және конфессияаралықкелісімді қамтамасыз ету, халықтың бірлігін қалыптастыру, қазақстандық

патриотизмді тәрбиелеу  жолында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі күні Ассамблея институты еліміздің брендіне айналды. Мұның өзі Президентіміздің

көреген саясатының жемісі.

Биыл болгарлардың қазақ жеріне қоныстанғанына 110 жыл толады. Менің аз ғана

халқым Қазақстанда ғасырдан астам уақыт бойы тыныштық пен бейбітшілікте өмір

сүріп жатыр. Бір айта кететін жайт, Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері

Ақтөбе облысында бірде-бір болгар өзінің тарихи отанына көшкен емес. Себебі,

мұндағы Болгарка аталатын шағын ғана ауыл біз үшін өте ыстық. Бүгінгі күнге дейін

онда қазақ жеріне алғашқы қоныстанған болгарлардың ұрпақтары тұрып жатыр.

Бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық, халық бірлігі — еліміздің өсіп-өркендеп,

гүлденуінің негізі, қазақстандықтардың ертеңгі күнге сенімінің кепілі. Әлбетте, мұның барлығы, біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісідеп түсінеміз.

Анастасия ПОДОЛЬЯНОВА,

Ақтөбедегі «Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің жетекшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button