«Ақтөбе — құтты мекен»Жаңалықтар

Ақтөбе медицинасы бір ізге қойылған

Жолдас ҚҰЛЖАНОВ: АҚШ-тың ортопедия және травматология қауымдастығының және ASAMI (Илизаров әдісін қолдану және талдау жөніндегі қауымдастық) мүшесі, Сент Луис университетінің ортопедиялық госпиталінің директоры:

— Ақтөбе өңірі маған жақсы таныс. Осы өңірдегі әріптестеріммен тығыз байланыс жасап тұрамын. Биыл Ақтөбе қаласында өткен халықаралық  конференцияға қатысып, травмотология, политравма саласы бойынша кеңес беріп, науқастарды қабылдадым. Ғылыми ізденістер мен тәжірибеме сүйене отырып науқастардың жамбас буынына ота жасадым, тәжірибеммен бөлістім. Үш рет шеберлік сабағын өткіздім. Жалпы Ақтөбеде медицина саласы бір ізге қойылған. Дәрігерлердің біліктілігі өте жоғары. Ауруханалардың материалдық-техникалық базасы да талапқа сай. Медициналық кластер құрылып жатыр. Бұл бастама халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыра түседі.

«Ақтөбе — құтты мекен» форума біздің осы ынтымақтастығымызды  одан әрі нығайта түседі. Форумның сәтті өтуіне тілектестігімді  білдіремін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button