«Ақтөбе — құтты мекен»Жаңалықтар

Көмек беруге дайынбыз

Сәрсен ҚОБЛАНДИН, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі:

—  Облыста өткелі жатқан «Ақтөбе — құтты мекен» форумында жан-жақта жүрген жерлестердің басы қосылатыны мені де қуантып отыр.

Ақтөбе өңірі жыл өткен сайын қарыштап дамып келеді. Оның ішінде медицина саласы айтарлықтай алға басты. Медициналық кластер құрылып жатыр. Әрине, кластердің Ақтөбе өңірінде құрылуы өте орынды. Себебі, әу бастан-ақ Ақтөбе  медицинасы  мықты болды. Ақтөбе — Қазақстанның батысындағы аса ірі медициналық орталық ретінде саналды. Өңірде осы салада  ғылымның небір шыңдарына шыққан ғалымдар жеткілікті. Оның ішінде Серік Ақшолақов, Жақсылық Досқалиев, Сәлім Беркімбаев, Жеткерген Арзықұлов секілді мықтылардан бөлек, көптеген ғалымдар мен профессорлар бар. Оларды біз мақтанышпен айта аламыз. Осындай білікті дәрігерлер шыққан өңірде медицинаның дамуы өте орынды. Бұрын-соңды жасалмаған мүше трансплантациясы жасалып жатыр. Кардиология, хирургия және өзге де салаларда ілгерілеушілік бар. Осының барлығы Ақтөбенің перзенті ретінде мені қуантады.

Қазір қашықтықтан кеңес беру деген бар. Мәселен, нейрохирургияда  Серік Ақшолақов, кардиологияда  Сәлім Беркімбаев және хирургияда өзім бармын, ақтөбелік дәрігерлерге кеңес беруге қай кезде де дайынбыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button