«Ақтөбе — құтты мекен»Жаңалықтар

Форумға әзірлік тиянақталды

Облыста «Ақтөбе — құтты мекен» халықаралық форумына дайындық толыққанды  жүргізілуде. 

Ауқымды іс-шара өңірде қыркүйек айының соңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында өтпек.

Ақтөбе қаласын көріктендіру, спорттық, мəдени нысандарды 15 елден келетін қонақтарды қабылдауға дайындау мəселелері облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Облыс əкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың айтуынша, осы мақсатта құрамына жергілікті полиция қызметінің, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері кіретін 14 мобильдік топ құрылған. Күн сайын топтар қаланы аралап шығып, тиісті талапқа сай емес нысандар мен участоктарды анықтайды, олардың иелерінен тиісті қалыпқа келтіруді талап етеді. Мобильдік топ бес жұмыс күні ішінде осы немесе өзге де заң бұзушылықтарды жоюды қажет ететін 1800 нысанды анықталды.

Олардың қатарында сауда нүктелері, көшелер, ғимараттардың қасбеттері, жарнамалық құрылымдар бар. Бүгінде 150 нысандағы жұмыстар аяқталды.

— Форумды өткізуге 20 күннен аз уақыт қалды. Сондықтан, жұмысты күшейтіп, қаланы қонақтарды күтіп алуға мұқият дайындау қажет. Барлық участоктарды, жолдарды, гүл бақтарын, бизнес нысандарын қалпына келтіріп, көшелерді көгалдандыру мен санитарлық тазалау шараларын қолдану керек. Ақтөбе форумға қатысушыларды лайықты қарсы алуы тиіс,-деп атап өтті облыс әкімі.

«Ақтөбе – құтты мекен» форумы туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, облыстың белгілі бір жетістіктерге жеткен тумаларын туған өлкелерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға тарту  мақсатында өткізілуде. Ірі шараға 15 елден келетін 300-ден аса адам қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де тұрып жатқан  мемлекет қайраткерлері, ірі кәсіпкерлер, мәдениет пен өнер тарландары, атақты спортшылар бар.

Бұдан өзге, Бердібек Сапарбаев 9 қыркүйек пен 9 қараша аралығында өңірде жалпы облыстық сенбіліктердің өтетіндігін хабарлады. Соған байланысты жауапты тұлғаларға тазалықты қамтамасыз етіп, көлікпен жарақтандыру тапсырылды.

                             Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button