ЖаңалықтарЭкономика

Алғашқы бестіктеміз!

Қазақстан бюджетін басқалардан көбірек толықтыратын бес аймақ аталды. Бұл қатарда Алматы, Астана қалалары және Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстары бар.

«2017 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде тұрғындары салықты көп төлеген бес аймақ статистикада көрсетілді» — деп хабарлайды inhormburo.kz.

Energyprom.kz порталы деректері бойынша, мемлекеттік қазынаның барлық салық түсімдерінің 60 пайызы аталған бес аймақтың үлесіне тиеді.

Нақты айтсақ, Алматыдан 823,8 миллиард теңге, Атырау облысынан 447,7 миллиард теңге, Астанадан 440,7 миллиард теңге, Ақтөбе облысынан 164,7 миллиард теңге, Қарағанды облысынан 162,4 миллиард теңге түскен.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы қорытындысы бойынша елдің мұнайдан түскен табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға өсіп, 5 триллион теңге құрады, оның 3,2 триллионы — салық түсімдері.

Салықшылар ағымдағы кезеңнің жоспарын 120,2 миллиард теңгеге асыра орындады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 400 миллиард теңгеге ұлғайды, өсім 14 пайыз құрады.

Ағымдағы жылы мемлекеттік бюджет 6,7 триллион теңге салық жинауды көздеп отыр. 3,2 триллион теңге салық түсімінің 2,2 триллионы табыс салығына, қосымша құн салығына және әлеуметтік салыққа тиесілі.

Алты айда қосымша құн салығы қазынаны 761 миллиард теңгеге толықтырды (өткен жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 11 пайыз артық). Оның ішінде ішкі өндіріс тауарларына қосымша құн салығы 283,5 миллиард теңге (-0,9%), импортталатын тауарларға 230,2 миллиард теңге (+11,3%) құрады.

Корпоративті табыс салығы түсімдері — 753 миллиард теңге (+8%), жеке табыс салығы — 377 миллиард теңге (+10%), әлеуметтік салық — 277 миллиард теңге (+10%).

Тұрғындар өздерінің мүліктері үшін 115,8 миллиард теңге (+15,5%), автомобиль үшін 24,6 миллиард теңге (+26,4%) төледі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button