ЖаңалықтарЭкономика

Ақтөбе — алғашқы үштікте

Инвестициялық ахуал

 «Инвестициялық ахуалды жақсарту  үшін облыста барлық шаралар алынуда. Облыстық әкімдікте облыс әкімінің төрағалық етуімен инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды  жақсартуға байланысты аймақтық кеңестің отырысы болып өтті» деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Отырысқа «Kazakhinvest» ҰК» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Біржан Қанешов, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шет елдік инвесторлар, даму институттарының, халықаралық компаниялар мен бизнес айналасының өкілдері қатысты.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылған: шетел инвесторларын тарту бойынша жетекші орынға шығуды сақтау және Ұлттық инвестициялық стратегияны белгілеуде жұмыстар жүргізу.

Президенттің тапсырмаларын орындау бағытында біздің облыста барлық шаралар алынуда. Ол дамудың ең сенімді жолы болып табылады, — деп атап көрсетті облыс әкімі.

Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер қаралды. Соның ішінде Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған «Kazakhinvest» ҰК» акционерлік қоғамының жергілікті атқарушы органдарының өзара іс-қимылы аса өзекті болды. Ұлттық компанияның негізгі міндеті — инвесторларға бір терезе принципі бойынша идеядан жүзеге асыруға дейінгі жобалардың толық қызметін ұсыну.

Мәжіліс барысында «Kazakhinvest» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Біржан Қанешов қатысушыларды АҚ қызметінің негізгі бағыттарымен және компания өкілдігінің облыстағы аумақтық және мемлекеттік органдармен өзара әрекеті схемасымен таныстырды.

Аймақтық кеңес мүшелері «Kazakhinvest» ҰК» АҚ-мен өзара ынтымақтастықтың күшеюі инвестициялар тарту үшін қолайлы алғышарттар жасауға жол ашатынына сенімділіктерін білдірді.

Жиында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь Қазақстан Республикасында компания қызметі мысалында инвестициялық ахуалды жақсартуды ұсынды.

Ол өз сөзінде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау және қолдау бойынша мемлекеттік органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жоғары тиімділігін атап көрсетті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 42,2 миллиард теңге инвестиция жасағанын атап өтуге болады.

— Біздің 20 жылдық тәжірибемізде Қазақстан Президентінің инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторларды тарту бойынша саясаты сенімді екенін көрсетті. Инвестициялық ахуалды жақсарту елдің экономикалық дамуына жаңа тіршілік тынысын енгізеді, — деді Ван Цзюньжэнь.

«Doing Business» рейтингінде өңірдің позициясын одан әрі жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова хабарлама жасады.

Ол «Doing Bisiness» рейтингінің кәсіпкерлер үшін бизнес-ортаның қолайлылығын анықтауда тиімді болып табылатынын атап өтті.

2016 жылы біздің облыс «Doing Bisiness» қосалқы ұлттық рейтингі бойынша аймақтардағы іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі ілкімді жоба жүзеге асырылып жатқан өңірлер қатарына енді.

Жоба аясындағы зерттеулерді Дүниежүзілік банктің сарапшылары жүргізді. Зерттеулер қорытындысы бойынша, Алматы, Ақтөбе және Қостанай қалаларының көрсеткіштері үнемі ілгерілеу үстіндегі жоғары рейтингі атап көрсетілген.

«Doing Bisiness» рейтингіндегі өңірдің осы жетістігін одан әрі жақсарту мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. Мысалы, кейбір әкімшілік кедергілерді жою үшін облыстағы іскерлік ахуалды жақсарту және 2017-2019 жылдарда рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button