ЖаңалықтарЭкономика

Ақтөбе облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылар қатарында

Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері мен перспективалары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен кездесу барысында талқыланды.

Облыс басшысы бизнес субъектілеріне  мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп, жыл сайын қаржыландыру артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен 2016 жылы өңірдің шағын және орта бизнесін дамытуға 41 миллиард теңге бөлінген болатын.

— Бізде мемлекеттік бағдарламалар мен пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Аталмыш салада 130 мың адам бар немесе экономикалық жағынан белсенді халықтың 30 пайызы айналысады. Бұл нәтиже әлі де жеткіліксіз. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, бизнестегі әкімшілік кедергілерді жою шараларын қолға алу қажет. Біз Мемлекет басшысының бизнес саласында жұмыс жасайтындар санын арттырып, аталған көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізу бойынша тапсырмасын орындау үшін барынша қолда бар мүмкіндіктерді қолдануымыз қажет, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанованың айтуынша, ағымдағы жылдың төрт айдағы қорытындысы бойынша жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 49,5 мың бірлікті құрады, өсім — 108,5 пайыз. Бұл Қазақстан бойынша екінші көрсеткіш. Шағын және орта бизнес өнімдерін шығару көлемі 662,1 миллиард теңге немесе 120,5 пайыз. Аталмыш көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы бірінші орында. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға несиелерге кепілдік беруге сонымен қатар, 2017 жылға грант беру үшін 1,2 миллиард теңге қарастырылған.

Жыл басынан бері 109 жобаға қолдау көрсетілді. 47,7 пайызы аудандардың, 52,3 пайызы Ақтөбе қаласының үлесінде. Пайыздық мөлшерлеме несиелері бойынша субсидия алған жобалардың ең басым бөлігі облыс орталығында (59%). Басым бағыттардың қатарында өндіріс, көлік қызметтері, сауда, білім беру қызметі және т.б. бар.

Гранттар жалпы сомасы 19,0 миллион теңгеге бизнестің 15 субъектісіне берілді. Оның ішінде үшеуі мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлерге тиесілі. 182,8 миллион теңге мөлшерінде құрылыс-монтаж жұмыстарын және инфрақұрылымдар жүргізу бойынша 4 жоба қолдау тапты. Бұл қаржыға Қарғалы ауданында суармалы жерлер алқаптары кеңейтіледі, бекіре шаруашылығы дамытылады, демалыс базасы құрылымдалады, сондай-ақ 2 жол бойы кемпингіне инфрақұрылым жүргізіледі.

«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында жаппай, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар кешені жасалып, 2017 жылға 588 миллион теңге мөлшерінде қаржы бөлінді. Екінші жыл қатарынан «Жас Старт» және «Кең Дала» жастар және ауыл кәсіпкерлігін несиелендірудің аймақтық бағдарламасы пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Оның аясында 2016 жылы 70-тен астам кәсіпкер 900 миллион теңге несие алды, ал биылғы жылы қатысушылар саны одан да көбейе түсетін болады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің толық форматты орталығын құру бойынша Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тәжірибелері зерттелуде. Ол мәліметтер базасын жүйелендірумен электронды форматта «жалғыз терезе» принципі бойынша рұқсат беру процедуралары мен қызмет көрсетуге негізделген.

Бердібек Сапарбаев Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, сондай-ақ «Көше саудасы үшін 1000 орын» жобасын Ақтөбе қаласында жер учаскелерін жеделдетіп беру жолымен жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

— Біздің шағын және орта бизнесті даму бойынша көрсеткіштеріміз жалпы республикалық деңгейден төмен болмауы тиіс. Ең бастысы, бөлінген қаржыны игеру, бизнестің дамуына кедергі келтіретін барлық тосқауылдарды анықтау бойынша барлық шараларды қабылдауымыз керек. Проблемаларды зерттеп, оларды шешіп, кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Біз шағын және орта бизнесті дамытуға мүдделіміз және барлық жобаларды қолдауға әзірміз, бірақ бизнес ашық болуы тиіс, — деді облыс әкімі кеңес қорытындысында.

2017 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 52,4 мың бірлікке жеткізу, сол жұмыс істеп тұрған субъектілерде жұмыс істейтіндер санын 132 мың адамға дейін ұлғайту көзделуде. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік секторында өндіріс көлемін 750 миллиард теңгеге дейін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және бөлінген қаржыны дер кезінде игеру бойынша шаралар қабылдау белгіленуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button