Жаңалықтар

Димаштың байқаудың оныншы кезеңіндегі орындаған әні (Видео)

Қытайдың «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайберген оныншы кезеңде О.Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз әні «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілінде орындап, үшінші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

https://www.youtube.com/watch?v=N93d6BlQcBM

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 кезеңнен тұратын байқаудың іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Жобаның бастапқы үш әншісі Д.Құдайберген, Lion және Sandy ақтық сынға тікелей жолдама алды. Ал 23 наурыз күні болып өткен «жұбату» бәсекесіне байқаудан шығып қалған 10 әнші қатысып, оның тек 7-еуі финалға шықты. Осылайша байқаудың екі кезеңнен тұратын ақтық бәсекесіне 10 әнші жолдама алды.

inform.kz  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button