Жаңалықтар

Жолдау-2015

Ауылдағы жүздесу

Құрамында облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев, медицина қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрайымы Лаура Жазықова, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев бар топ Байғанин ауданының Қарауылкелді поселкесінде және Қосарал ауылында болып, жұртшылыққа Елбасы Жолдауының мән-мағынасын кеңінен түсіндірді. Кең ауқымда жүргізілген екі жақты ашық әңгімеде әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканың даму қарқынын тұрақты ұстап тұру жолындағы шаралар сөз болды, облыста және ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрәділ Қолдасбаев әдебиетте өзіндік мәнерімен көрініп жүрген ақын-жазушылармен жұртшылықтың кездесу кештерін ұйымдастырып, өткізу жөнінде ой тастаса, зейнеткер Қабиба Сарина Қосарал ауылында табиғи газ желісін тарту қажеттігіне назар аударды. Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі Ерназар Қалиев жастарды мал шаруашылығында еңбек етуге шақырып, қоғамдық тәртіпті күшейту мәселесіне назар аударды. Еңбек ардагерлері Қалдыбике Уәзірова, Бауыржан Құрманиязов өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алды.
Ақпараттық-насихат тобының құрамындағы Л.Жазықова облыстық мәслихаттың депутаты ретінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау ұйымдастырды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мүшелерімен, жастармен ашық әңгімелесті.

Ж.ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ.

Анықталған бағыт

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы жанынан құрылған «Зерде» қоғамдық-саяси пікірсайыс клубының мәжілісінде Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауы талқыланды.
Жолдауды білім алушылардың қаншалықты ұғынғандығын білу мақсатында өткізілген интеллектуалдық сайыста студенттер белсенділік танытты.
Жарысқа барлығы 6 команда қатынасып, онда негізінен қазіргі заманның өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерін қамтитын 5 түрлі шарттар ұсынылып, орындалды. Және аталған топтарға Ұлт жоспары «ҚР Президентінің бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамының» жекелеген бөлімдері бойынша аналитикалық баяндама жасауға тапсырма берілді.
Студенттер негізінен өз бастауын осы құжаттан алатын Жолдаудың жекелеген бөлімдеріне жан-жақты түрде талдау жасады.
Шараны ұйымдастырушылар студенттерге арналған түрлі интеллектуалдық тапсырмалар әзірледі. Ал қатысушылар терең білім мен кең көлемді танымдарды қажет ететін күрделі де қиын сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, өз біліктіліктерін көрсетті.
Әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Б.Молдиннің жетекшілік етуімен және қазылар алқасы мүшелері — аға оқытушылар М.Ерғалиев пен С.Күміспаевтардың төрелік етуімен өткізілген шарада ең үздік топтар марапатталды.
Сайыс қорытындысында кафедра жетекшісі, «Зерде» қоғамдық-саяси пікірсайыс клубының төрағасы, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов сөз сөйлеп, жарысқа қатынасушы болашақ дәрігерлерге «Мемлекет басшысы және біз — аға буын өкілдерінің барлығы да Сіздерден үлкен үміт күтеміз. Президент өз Жолдауларында көптеген идеяларды ұсынды және алдарыңызға елімізді жаңа даму сатысына көтеруге, Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруіне бағытталған маңызды міндеттерді қойып отыр. Сіздер сол үмітті ақтай білулеріңіз керек», — деді.

Б.ШӘМШІ,
М.Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университетінің аға оқытушысы.

Міндеттерді орындау — мақсатымыз

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауын кеңінен түсіндіру мақсатында «Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Ауылдық округ әкімі Ә.Коргуллин әкімшілік қызметкерлерімен Жолдауда айтылған басым бағыттарды талқылап, халық арасында насихат жұмысын жүргізудің жолдарын атап өтті. Елбасы ерекшелеген тұстарын бөлім қызметкерлерімен ауқымды жобаға алып, кезек күттірмейтін әрекеттер қамына кірісудің алғышарттарын бекітті. Ауыл халқы мен округке қарасты елді мекендер тұрғындарына Жолдау аясында айтылған ақпаратпен құлақтандырып, түсіндіріп, ескеруге тиіс, өз ахуалымыз бен жүйемізге сәйкес халыққа насихат қылуды тапсырды.
Мемлекет құрған жоспардың орындалуына әрбір мемлекет азаматының атсалысуы бүгінгі жаһандық өріс алған даму тұрғысында мерейлі міндет болмақ. Мемлекеттің әрбір қабылдаған жоспары мен жобасы, қолға алған саясатының негізгі мұраты Қазақстан Республикасын құраушы әрбір адамның жарқын өмір сүріп, әл-ауқатының көтерілуі үшін екендігін халыққа дер кезінде насихат қылып, сол халықпен бірлесе атқару керек екендігін «Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері ауыл тұрғындарына қашанда айтып, өзара ықпалдастықта әрекет қылып келеді.
Ендеше, Елбасының жүргізген реформалары мен жаңа Жолдауындағы нақтыланған қадамдарды әр адам өз әрекетімен септігін тигізіп, жүзеге асыруға атсалысуы қажет. Мәңгілік Елдің мәңгілік иесі болатын халық өсіп-өркендеп, жаңа реформалармен әрекет қылып, әр кез дамудың үрдісінде болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Жаңанұр ЕРКЕБАЕВА,
Әйтеке би ауданы.

Басты көрсеткіш — қызмет сапасы

Елбасы биылғы Жолдауында үлкен реформаларға ерекше назар аударды. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға, дағдарысқа қарсы атқарылатын шаралар мен міндеттер жайы нақты айтылды.
Биылғы Жолдаудың тағы бір маңызды тұсы — ел дамуының жаңаша сипаты мен реформаларды жүзеге асырудың нақты шешім жолдары ашып көрсетілді. Бұған дәлел — енді техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша тегін оқыту жайы халықтың көңілінен шықты деп кәміл сенемін.
Елімізде кадр даярлау ісін жетілдіру мәселесі де Жолдауда жан-жақты айтылды. Елбасы бұл бағытта Германия, Канада, Австралия, Сингапур елдерімен бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін назарға алып, кадр даярлау орталықтарын құруды міндеттеді.
Әдеттегідей, бұл жолғы Жолдауда да халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесіне айрықша назар аударылды. Қызмет көрсету сапасын жетілдіру, кадр даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі өзім басшылық ететін бөлімшенің алдындағы басты міндет. Сондықтан халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы ғана біз көрсеткіштер мен нәтижеге қол жеткіземіз.

Еркінбай ЖҮСІПҰЛЫ,
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
облыстық филиалының
Хромтау бөлімінің басшысы.

Биік өлшемдерге сай

Биылғы жыл біздің санамызда әлемдегі күрделі оқиғалармен, әртүрлі келіспеушіліктермен көрініп тұр. Оның үстіне дүниежүзілік дағдарыс ұғымы қалай болғанда да қарапайым халыққа дейін елеңдетпей қоймайды.
Осындай жағдайда біз Елбасымыздың кезекті Жолдауын асыға күттік. Өйткені Мемлекет басшысы жыл сайын осы маңызды құжат арқылы өзімізде қалыптасқан ахуалды нақты айтып, келер күндеріміздің тірлігін белгілеп береді.
Биыл да солай болды. Мәселен, Жолдаудың алғашқы жолдарындағы «Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл — тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын» деген сөйлемдер біздің бәрімізге де осы тұста етек-жеңімізді жинап, ширек ғасырлық жолдағы жеңістерімізді пайымдауға мүмкіндік береді.
Шүкір, осы жылдар ішінде көптеген иігіліктерді көрдік. Барлық салаларда да реформалар, жаңарулар жүруде. Біздің ішкі істер қызметі де оң өзгерістерді бастан өткеруде. Мысалы, жаңа жылдан бастап жергілікті билікке бағынатын полиция қызметінің іске кірісуінің өзі халыққа жақындай түсудің бір мысалы емес пе?!
Елбасының «Дағдарыстардың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі» деуі бәріміз үшін айрықша өлшемдердің қандай заманда да биікте тұратындығын меңзеуі көңілімізге бір мақтаныш сезімін тудырады.

Жаңылдық ОТАРАЛИЕВА,
полиция аға лейтенанты.
Ақтөбе қаласы.

Жұмысшы мамандығы мәртебесі биіктей түседі

Биылғы Жолдау көзімізге өзгерек көрінді, себебі барлық саланы қамтып, дағдарыс
кезінде ел еңсесін көтеруге бағытталып, дәл уақытында жолданып отырғаны
байқалады. Сырт көз сыншы, Жолдау шетелде де зор бағаға ие болып жатқанын
ақпарат құралдарынан естіп, біліп жатырмыз.
Жауапты сәтте бірлігімізді нығайтып, жетістіктерімізді саралап, жаңа
мүмкіндіктерді бекемдей түсу басты ұстанымымыз болмақ.
Жолдауда әлеуметтік сала басты назарға алынған. Жаңа жылдан бастап
мұғалімдердің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақының орташа
алғанда 30 пайызға дейін көбейетіні баршамыздың болашаққа деген сенімімізді
нығайтып, алаңсыз жұмыс істеуге, білім алуға негіз болуда. Әсіресе,
студенттеріміз үшін қуанудамыз, өйткені колледждің басым контингентін ауыл жастары, аз қамтылған отбасылары балалары және жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар құрайды.
Жолдауда бұған дейін қабылданған бағдарламаға сәйкес білім беру салаларын жаңғырту жалғастырылатыны атап көрсетілген. 2013-2015жылдары «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасының екі рет грант алушысы атанған біздің колледж жаңа технологияға сай материалдық-техникалық базаны, білім беру
мазмұнын жаңғырту жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. «Дәнекерлеу ісі»
бойынша ресурстық оқу орталығы жағдайында мамандар даярлау, қайта даярлау
жұмысы қолға алынуда. Халықаралық ынтымақтастық байланыс аясында білім
беру бағдарламалары жаңартылды.
Жолдауда қарастырылған білім беруді жаңғырту жұмыстарының жалғастырылуы
үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деген сенімдеміз.
Жолдауда Елбасы бүгін де Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы ғана тиімді
экономикалық нақты негізі болатынын атап көрсеткен. Колледждің жаңа
технологиялармен өндіріске жақындатып жаңартылған оқу-өндірістік
шеберханалары, оқу бағдарламаларын, шетелде біліктіліктерін арттырып келген
29 педагог талапқа сай қызмет етеді деп сенеміз.
Жолдаудағы Елбасының жастарды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге
шақыруы, 2017 жылдан бастап жаңа жоба — «Баршаға арналған тегін кәсіби-
техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялауы жұмысымызға жаңа
серпін берді.
Бұл міндетті атқаруға колледжде барлық жағдайлар жасалған, кәсіптік бағдар беру
жұмысы барысында тегін оқу бағдарламасы жастарды ынталандыра түсетініне
сеніміміз мол.

Жанкелді ҚАЛҚАМАН,
Ақтөбе қүрылыс және бизнес колледжінің директоры.

Жаңартылған әкімшілік заңдылық

Елбасы өз Жолдауында: «Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары жүргізген реформалар ауқымына сәйкес. Бізге мемлекеттік және корпоративтік менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет» деп кең ауқымды міндеттерді белгілеп берді.
Осы Жолдауда айтылған 100 нақты қадамда «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деген тарау біздің өмірімізге көптеген жаңалықтар енгізді. Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігі оңтайландырылды.
Әкімшілік заңдылық — мемлекеттік әкімшілдіктің жанындағы туындаған құқықтық қатынастарды реттейтін мемлекеттің қолындағы бірден-бір қажетті құрал болып табылады. Өз кезегінде әкімшілік құқықтың ажырағысыз бөлігі болып табылатын Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексі әкімшілік заңдылықты бұзу немесе мемлекет айқындаған басқа да құқықтық нормаларды және жалпыға ортақ тәртіпті бұзған субъектілердің жауапкершілігін белгілейді, сонымен қатар, белгіленген нормаларды қолдануға еріксіз көндіруді айқындайды.
Судьялардың алтыншы съезінде Мемлекет басшысы сот жүйесі алдына сот ісін жүргізуді оңтайландыруға, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға бағытталған сот ісін жүргізуді реформалау бойынша бірнеше тапсырмалар қойды. Қойылған тапсырмаларды жүзеге асырудың бір қадамы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің жаңа редакциясын қабылдау болды. Жаңа Кодекс, оны жасақтау және қабылдау кезінде заңдық қоғаммен қатар Республиканың жай азаматтары арасында да кең көлемде талқыланды. 2015 жылғы қаңтардан бастап Республика соттары жаңа Кодекс талаптарын басшылыққа алып, жұмыс жасап келеді.
Сот ісін жүргізудегі реформаның негізгі мақсаттарының бірі судьялар жүктемесін азайту болып табылады. Өткен жылғы мемлекеттің құқық тәртібін нығайту мәселесін белсенді түрде жүргізуіне байланысты Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік соты судьяларының жүктемесі елеулі өсіп, облыс бойынша қаралатын әкімшілік істердің негізгі бөлігін құрады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасында Заңның үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты 19 қадам қаралған. Ұлт жоспарымен белгіленген тапсырмаларды орындаудың бір бағыты судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру. Судья лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын және іріктеу механизмін күшейту.
Терең қызметтік біліктілік, адамгершілік және өнегелі көзқараспен жарасымды біріккен кезде ғана судьяның жоғарғы лауазымына сәйкес келеді.

Аманкелді ҚАЛМҰХАМБЕТОВ,
Ақтөбе қаласы мамандандырылған
әкімшілік сотының төрағасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button