Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында егемен еліміздің жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Іс-шараға облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып қатысып, ұжым мүшелерін мемлекетіміздің Ата Заңы — Конституция жобасының негізгі ережелерімен таныстырып, енгізіліп отырған өзгерістердің мазмұнын түсіндірді.
Кездесу барысында Конституция жобасында көзделген басты өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалар, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар ұсынылған өзгерістердің елдің жарқын болашағы мен қоғамдық-саяси дамуына оң ықпал ететінін атап өтіп, республикамыздың бас құжатын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.



