Заң мен тәртіп

Аудандағы кездесу

Облыстық жастар ресурстық орталығы Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидасы негізінде Мәртөк ауданының жастарымен кездесу өткізді. «Жастарға кеңес» тақырыбы аясында өткен іс-шараға 100-ден аса мектеп оқушысы қатысты.

Кездесуге Ақтөбе облысы білім басқармасының «Jan ahual»  психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артығалин, Мәртөк ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Қайрат Күзбақов қатысты. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға негізделген жиында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланып,жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері таныстырылды. Оқушылар мамандарға сұрақтар қойды.

ҚР бас прокуратурасының «Нашақорлыққа жол жоқ» ведомствоаралық жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған жиын лудомания, нашақорлыққа әуестік тақырыбындағы баяндамалармен, бейнематериалдармен жалғасты.

Кездесу барысында психолог Лаура Бердібекова «Әр мәселенің өз шешімі бар» тақырыбында тренингтер өткізіп, жастарға ерекше әсер сыйлады.

А.НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button