Жаңалықтар

Тәртіп бұзған жүргізушілер анықталды

Жолаушы тасымалы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алайда қоғамдық көлік жүргізушілері бұл қағиданы жиі бұзады. Бір-бірімен жарысып, жолға таласатын, тіпті көлік тізгінінде отырып ұялы телефонға алаңдап қарайтын жүргізушілер кездеседі. Кейбір жүргізушілер көлік салонында темекі тартады. Ал осындай келеңсіздіктердің соңы апатқа әкелуі мүмкін. Осы ретте қалада «Автобус»алдын алу іс-шарасы өтті. Тәртіп бұзған жүргізушілер анықталды. Заңды бұзғандар жазаға тартылды. Мәселен, жыл басынан бері  автобустардың қатысуымен 13 жол апаты тіркеліп, 14 адам зардап шеккен, бір адам көз жұмыпты. Қаладағы полицейлер рейд барысында жолаушы тасымалдау ережесін  бұзған 153 жүргізушіні анықтап, 530-дан астам құқықбұзушылықтың жолын кесті. Сондай-ақ жол ережесін бұзған 20 жүргізуші, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдаланған — 40, қарсы бағытқа шыққан 2 жүргізуші анықталды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жүргізуші қоғамдық көліктердің техникалық жай-күйіне де мән беруге тиіс. Ал өзі  рейс алдында медициналық тексеруден өтуі керек. Сондай-ақ автобустарда адам саны нормаға сай болуы керек.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button