Жаңалықтар

Жағажайлардың санитарлық жағдайы бақылауда

Брифинг

Шомылу маусымы басталар алдындаоблыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру барысында су айдындарына мониторинг ұйымдастырды. Мамандар су қоймалары суының және жағажайлардан құмның нормалау құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеріп, зертханалық зерттеулер жүргізді. Бұл туралы«Жағажайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында өткен брифингте айтылды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Досжановтың айтуынша, 134 су сынамасы, 108 топырақ сынамасы іріктеліп, микробиологиялық, санитарлық-химиялық, паразитологиялық зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде барлық сынама талапқа сай екендігі анықталды.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімі басшысы Назима Сербаева облыс аумағындағы коммуналдық нысандарда тұрғындардың демалатын, шомылатын аумағы қоқыстан таза болуын, жағажайлардың ластану көздерінен кем дегенде 500 шақырым қашықта орналасу керектігін айтты. Сондай-ақ жағажайлардың күн сәулесінен қорғайтын шатырлармен жабдықталу қажеттігін, киім ауыстыру кабиналарының болуын, жағажай жабылғаннан кейін күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілуі керектігін ескертті.

Қазіргі таңда облыстағы 13 жағажайдың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Оның 11-і — қалада, екеуі Мұғалжар және Шалқар аудандарында орналасқан.

A.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button