Жаңалықтар

Жазғы лагерь көңілді

№78 мектеп-гимназиясы жанынан ашылған «Бастау» лагері мен «Балдырған» жазғы ойын алаңындабалалардың уақытты қызықты өткізіп, демалуына барлық жағдай жасалған.

Жазғы лагерь күн сайын таңертең көңілді бой сергітер жаттығумен басталып, түрлі спорттық ойындарға ұласады. Лагерьде оқушылар күніне 4 мезгіл тамақтанады. Күнделікті жоспарлы іс-шаралар, атап айтсақ, таңертеңгі флешмобтар, тәрбие сағаттары, байқаулар ұйымдастырылады. Тәлімгерлер балалардың демалысы көңілді, қуанышқа толы болуы үшін күш-жігерін, шығармашылық қабілеттерін аямай, әр күнге қызықты мереке сыйлайды. Бүгінге дейін мұнда топтық-спорттық сайыстар, саяхаттар, табиғат аясында ойындар, жұлдыз залында қызықты фильмдер көрсету, экскурсиялар, флешмобтар, түрлі тақырыптағы асфальт бетіне сурет салу байқаулары өтті. Атап айтсақ, «Туристік өлкетану» бағыты бойынша балалар «Skypark» ойын-сауық орталығына барып, көңілкүйлерін көтеріп, демалып келді. Көркемдік-эстетика бағыты бойынша «Лагерь дауысы» атты ән байқауы өткізілді. Байқауға оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, талантымен танылды. Ал «Спорттық сауықтыру» бағытында мектеп ауласында эстафеталық ойындар өткізілді. Бұл ойындар ұлттық құндылықтарды дәріптеуді көздейді.

Мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы ойын алаңының бүлдіршіндері жол қауіпсіздігін және қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтай отырып, кинопаркке барып, «Пушистый вояж» және «10 жизней» мультфильмін тамашалады. Сонымен қатар  «Астана» саябағына саяхат жасап, әртүрлі ойындар ойнап, табиғат аясында демалды.

Біздің лагерьдегі жұмыс бағыттарының бірі — экологиялық тәрбие беру. Осы орайда топтар арасында «Қалдықтарға өмір сыйла» атты танымдық іс-шара өткізілді. Топтар өздерін таныстырып, жасап алып келген қолөнерлерін қорғады, түрлі жұмбақтар шешті, сұрақтарға жауап берді. Балалар мектеп ауласындағы гүлдерді суаруда өз белсенділіктерін көрсете білді. Сонымен қатар балалардың ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Суды төкпей, жеткіз» атты қызықты ойыны ойнатылды.

Осылайша «Бастау» мектеп жанындағы демалыс лагері балаларға керемет көңіл күй мен жарқын эмоцияға толы демалыс сыйлады.

Айсұлу Ақмұрзина,

№78 орта мектеп-гимназиясының

әлеуметтік педагогі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button