Жаңалықтар

Тамақтан улануды тыю — өз қолыңда!

Брифинг

Жаз мезгілінде тамақтан улану деректері жиілейтіні рас. Бұл —әдетте көшеде заңсыз, бейберекет сауда жасайтындардан келетін залал.

Ақтөбе қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Жансерік Құлманов тамақтан уланудың өзі бірнеше түрге бөлінетінін, оны уақтылы анықтау жағдайды тез реттеуге сеп болатынын айтады.

Тағамнан улану — микробты немесе микробсыз, ауру тудырушы микроорганизмдерден немесе олардың әртүрлі токсиндерінен, болмаса улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел инфекциялық ауру. Ең қауіптісі — тағамдық токсикоинфекция және микробтан улану.

Тағамдық уланудың алғашқы белгілері тамақ ішкеннен кейін 2-4 сағаттан соң көрінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін байқалады. Тіпті 20-26 сағаттан кейін де білінетіні бар. Көбіне бұл токсиннің түріне және мөлшеріне, сондай-ақ адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты.

Өткен жылы облыс бойынша қоғамдық тамақтану орнында 1 жаппай улану дерегі тіркелді, зардап шеккендер саны — 10 адам. Соның 7-еуі —  бала.

ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-5 бабына сәйкес тамақтану орнына  қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп, санитарлық ережелердің келісідей бұзушылықтары анықталды:дәмхана санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеген, өндірістік бақылау жүргізілмеген, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын сертификаттар,  сәйкестігі туралы декларациялар, тауарға ілеспе құжаттамалар да жоқ. Анықталған бұзушылықтарға байланысты жеке кәсіпкерге әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, әкiмшiлiк сотқа жолданды. Соттың шешімімен 86250 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтiруге әкеліп соқтырған әрекеті үшін Ақтөбе қаласы полиция басқармасына хаттар жолданды. Қазақстан РеспубликасыКодексінің425-бабының2-тармағыбойыншаАқтөбеқаласының мамандандырылғанауданаралықсоты жеке кәсіпкерді кінәлі деп танып, қоғамдық тамақтануорнының жұмысы 1айға тоқтатылды, 1,5миллионтеңгекөлемінде айыппұл салынды. Қосымша нұсқамалар берілді.

Биылғы 5 айда жаппай тамақтан улану жағдайы тіркелген жоқ, — дейді ол.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған мемлекеттік мекеме қызметкерлері тамақтан уланудың алдын алу бойынша 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізетіні айтылды.  Бұл бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен де бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылады екен.

— Әлеуметтік желілерде жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін сату, гипер/супермаркеттерде азық-түлікті сақтау шарттарын сақтамау жағдайлары бойынша тұтынушылардың өтініштерінің жиілеуіне байланысты және қолданыстағы санитарлық қағидалардың талаптарын түсіндіру мақсатында ірі кәсіпорындардың басшыларымен өндірістік кеңес өткіздік. Сонымен қатар қоғамдық ұйым төрағаларымен дөңгелек үстел өтіп, Ақтөбе облысының тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі бірлестіктер өкілдерімен меморандумға қол қойылды.Бірлескен құжат негізінде өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге «Ауыл аманаты» мемлекеттік жобасын іске асыру мақсатында санитарлық ережелердің талаптарын түсіндіру бойынша 25 семинар ұйымдастырылды.  Тамақтан уланудың алдын алу, қызметке рұқсат құжаттарын алу қажеттілігі, уақтылы мерзімді медициналық тексеруден өту, өндірістік бақылауды жүзеге асыру, басқа да мәселелер бойынша Ақтөбедегі мейрамхана және қонақүй бизнестері қауымдастығының өкілдеріне семинар өткізуді жоспарлап отырмыз, — дейді басқарма өкілі.

Жоспар аясында мамандар тамақтан улану, соның ішінде улы саңырауқұлақтармен өсімдіктермен улану,ботулизмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізуді қолға алған. Биылдыққа аталған мәселелер қаузалған әртүрлі деңгейдегі 72 семинар мен 17дөңгелек үстел өткізіліпті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button