Жаңалықтар

Кәсіпкерлерге қолдау күшейді

Соңғы деректерге сүйенсек, Ақтөбе облысы шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік субсидия алу бойынша 2-орында тұр. Бұл мақсатта биыл мемлекеттік қордан 14,7 миллиард теңге бөлінген.

— Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 780 жоба қолдау тапты. Соның 127-сі, яғни 31 пайызы аудандарға тиесілі.

2023 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамытудың аймақтық бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. Бағдарлама Хромтау моноқаласының кәсіпкерлерін несиелендіруге бағытталған. Аймақтық бағдарлама облыстық бюджеттің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен «Қазхром» компаниясының есебінен қаржыландырылады.  Жалпы бюджет — 2 миллиард теңге. Қазіргі таңда Хромтау моноқаласы бойынша 1,6 миллиард теңгенің 80 жобасы мақұлданды, — дейді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысыАлмас Салықбаев.

«Ақтөбе медиа» ЖШС-ныңмәжіліс залында өткен баспасөз мәслихатында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірқатар іс-шара жүргізіліп жатқаны туралы да айтылды. Аталған санат бойынша өңірде 16 субъект тіркелген.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button