Жаңалықтар

Өрттен сақ болайық

Тілсіз жау

Өрт —тілсіз жау. Оның салдары өте көп. Өрт оқиғасына, негізінен, тұрғындардың салғырттығы, көлік иелерінің темекі тұқылын сөндірмей жол жиегіне тастауы, жеке шаруашылық техникаларының жер жырту кезінде істен шығып, ақаулары кесірінен оттың ұшқындауы секілді мәселелер себеп болады.

Қала маңында орналасқан бау-бақша мекенжайларындағы үйлердің тұрғындарынан дала өрттерін болдырмау үшін сенбілік кезінде үй маңындағы құрғақ шөп пен қоқысты тазалауларын және қауіпсіздік шараларын сақтауларын сұраймыз. От жағу, қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды өртеу жұмыстары ғимарат пен үй-жайлардан 50 метр қашықтықта істелуі қажет.

Өрттің кесірінен болатын зардаптардың орнын толтыру мүмкін бола бермейтінін әр адам ұмытпағаны дұрыс. Өз өміріміз бен жақындарымыздың өміріне, маңдай термен жинаған материалдық құндылықтарымызға жауапкершілікпен қараған жөн. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтайық!

Б.САҒИЕВ,

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі

бастығының орынбасары,

азаматтық қорғау майоры.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button