Жаңалықтар

Космотавтика апталығы өтті

Ғарыш

Өткен аптада Ақтөбе облыстық планетарийінде космонавтика апталығы өтті.

12 сәуір — Халықаралық ғарышкерлер күніне арналған апталық мақсаты — өскелең ұрпақтың космонавтика тарихы,еліміздегі ғарыш саласының дамуы, туған өлкемізден шыққан ғарышкерлер туралы білімдерін қалыптастыруға үлес қосу, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

1962 жылдан бастап Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына орай 12 сәуір халықаралық мереке— Ғарышкерлер күні болып белгіленді. Бұл мереке 1968 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Бұл күн Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні деп аталып, жыл сайын12 сәуірде Еуропаның көптеген елдерінде кеңінен атап өтіледі.  Мереке 2011 жылы жаңа халықаралық деңгейге көтерілді: Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына және адамзаттың ғарыш кеңістігін бағындырғанына 50 жыл толуына орай бұл мерекені «Адамзаттың ғарышқа ұшуының халықаралық күні»деп жариялады. Жалпы, 12 сәуірғарыш тарихында атаулы күн, — дейді планетарий директоры Қ.Бөлеков.

Космонавтика апталығы оқушылар арасында «Болашақтың ғарыштық технологиялары» робототехника байқау-көрмесіменбасталды. Байқауға робототехникаға қызығушылығы бар 30 бала өз жұмыстарынжіберді. Балалар өз жұмыстарын ғарыш техникасының макеттері мен модельдері,робот-ғарышкерлер және т.б. түрінде ұсынды. Қатысушылардың жұмыстарынбілікті қазылар алқасы кіші топ (8-11 жас) және үлкен топ (12-15 жас) жас санаттары бойынша бағалады. Сондай-ақ апталықтың ашылу

салтанатында қалалық техникалық шығармашылық орталығы тәрбиеленушілерінің ұшақтардымодельдеу бойынша демонстрациялық көрмесі өткізілді.

Космонавтика апталығы аясында планетарийде ғарыш әлемі бойынша дәрістер ұйымдастырылып, «Ғарыш  деген өте қызықты» атты ғарыштық сенбілік өткізілді.Ғарыштық сенбілік бағдарламасы аясында балалар«Ғарыштық квиз» зияткерлік викторинасына қатысты.

Космонавтикалық апталық соңында 12 сәуір күні дәстүр бойынша Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер В.Пацаев ескерткіші жанындағы алаңда мерекелік іс-шара өткізілді. Жиналғандар Виктор Пацаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Оған қала тұрғындарымен қатар, В.Пацаев атындағы жас ұшқыштармектебінің курсанттары мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушылар арасындағы «Болашақтыңғарыштық технологиялары» атты робототехника бойынша байқау-көрмесінің жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button