Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрі бизнес өкілдері және мердігерлермен кездесті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ақтөбе облысына барды. Жұмыс сапары барысында Қанат Шарлапаев облыс әкімі Асхат Шахаровпен бірге жергілікті кәсіпкерлер және құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл кездесудің негізгі мақсаты – алдағы қалпына келтіру жұмыстары аясында бірлесіп жұмыс істеудің жоспарлары мен стратегияларын талқылау.

Кездесуге облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев, мемлекеттік құрылыс-сәулет бақылау басқарма басшысы Оксана Сопрун, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев, «Отбасы банк» филиалының директоры Жеделбек Мурзагалеев қатысты. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпорындардың директорлары мен жетекшілері, бизнес өкілдері болды.

Толығырақ-www.gov.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button