Жаңалықтар

Боранды күні науқасты аман алып қалған ақтөбелік фельдшер марапатталды

Елордада мемлекеттің гендерлік саясатын жетілдіру мақсатында Қазақстанның еңбекші әйелдерінің І форумы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Ақтөбе облыстық шұғыл медициналық бекетінің аға фельдшері Сая Ыбырайқызын «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапаттады.

Естеріңізге сала кетсек, ақпан айында әлеуметтік желі қолданушыларын қолайсыз ауа райына қарамастан, қызметіне адалдық танытқан медицина қызметкерлерінің ерлігі тәнті еткен еді. Олар ақтүтек боранда жаяу қар кешіп, жүрек талмасы ұстаған науқасқа барып, қажетті ем-домын жасады.

«Біздің бейнеролик әлеуметтік желілерге тарап, халық сүйіспеншілігіне бөлінеді деп ойламаған едім. Бүгінгі іс-шараға Кәсіподақтар федерациясы арнайы шақыртып, күтпеген жерден төсбелгі тақты. Қуаныштымын. Еңбекші әйелдер форумы нәтижесінде лайықты деңгейде шешімдер қабылданады деген ойдамын», – деп ағынан жарылды ержүрек ару.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button