Жаңалықтар

«Керуен сити» ойын-сауық орталығында терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өтіп жатыр

Бүгін, 12 сәуір сағат 11:00-13:00 аралығында «Керуен сити» ойын-сауық орталығында (Ақтөбе қаласы, Мәметова көшесі, 4 мекенжайында) Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы басшылар мен күзет қызметкерлерінің терророзим қаупіне тосқауыл қою әрекетінің әзірлігін тексеру бойынша оқу іс-шараларын өткізіп жатыр. Оның ішінде персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау процедурасының тиімділігі тексеріледі.

«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын, мүдделі мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», – деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы жедел штабы.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button