Жаңалықтар

Науқасқа шұғыл көмек көрсетілді

Қарғалы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты авариялық құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары, полиция бөлімі және еріктілер жұмылдырылды. Қарғалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау мойоры Аслан Каркуловтың айтуынша, 7 ақпан күні Бадамша ауылынан 15 шақырым жерде екі адамның қарда жүргіш техникамен адасып қалғандығы туралы хабар түскен:

— Ауданда құтқару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қарабұтақтан Бадамша ауылына бет алып, жолда 16 сағат адасып далада жаяу қалған азаматтар құтқарылды. Кеше Әлімбет ауылындағы дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Сақып Кубенкуловадан Әзірбайжан азаматына шұғыл көмек қажетті туралы хабарлама келіп түсті. Хабарламаға сәйкес 18 сағат 22 минутта №13 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дархан Мұхиев бастаған 5 құтқарушы және аудандық аурухананың хирургы көмекке келіп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Науқасқа бауыр циррозы диагнозы қойылып, шұғыл медициналық көмек көрсетілді, — дейді ол.

Оның айтуынша, бүгін күндізгі ондар шамасында Қарғалы ауданы әкімінің орынбасарынан Велихов ауылдық округіне қарасты Ақжайық ауылында электр желісінің істен шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Қазір жарықты қалпына келтіру жұмыстарына 3 электр маманы жұмылдырылып, техникалық қызмет көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, Қарғалы ауданыда 4 ақпан мен 9 ақпан аралығындағы ауа райының нашарлауына байланысты 91 адам құтқарылып, Бадамша, Әлімбет, Ащылысай, Қосестектегі жылыту орталықтарына орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Ақмарал Мұқашева,
Қарғалы ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button