Жаңалықтар

2024 жылдың 8 ақпаны күні әлеуметтік желілерде Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы маңында мыңдаған жолаушының қарлы боранда қалғаны туралы бейнеролик жарияланды

Оқиға орнына Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаев барып, ауа райының қолайсыздығы салдарынан Қарабұтақ ауылында тұрған көліктердің жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жатын орындармен қамтамасыз етіп, тамақтандыру мәселесін шешті.

Сондай-ақ, 8 ақпан 13:00-ден бастап Әйтеке би ауданы аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді. Сол себепті жол бойында тұрған көлік иелері мен қоғамдық көліктердегі жолаушылар үш мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Барлық кемпингтер үздіксіз режимде жұмыс жасап жатыр.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button