Жаңалықтар

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Ахуалдық орталықтың жұмысы күшейтілді

109 бірыңғай байланыс орталығының диспетчерлері қала мен облыс тұрғындарынан тәулік бойы өтінімдер қабылдауда. Және тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді жауапты мамандарға жеткізіп жатыр.

⬇️ Ахуалдық орталыққа соңғы екі тәулікте 6000-нан астам қоңырау келіп түсті, жұмыс үшін ашылған What’s up нөмірге және инстаграм әлеуметтік желісінде өтініштер қабылданады.

✉️ Қазіргі уақытта келіп түскен өтініштердің 90%-ы жарықтың болмауына байланысты.

🔘 «Энергосистема» ЖШС  ақпаратына сүйенсек,  қалада ауа райының қолайсыздығы салдарынан туындаған мәселелерді жою үшін 15 бригада жұмыс істейді. Бұл әдеттегі уақыттағы бригадалардан үш есе көп.

📌 Ситуациялық орталық қаладағы жағдайды тез қалпына келтіру үшін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Бұл жағдай – облыс әкімінің бақылауында.

🙌 Шыдамдылық пен түсіністік танытуды сұраймыз.

aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button