Жаңалықтар

Интернет-алаяқтықтың жиі қолданылатын түрлері

Қаржылық сауат

Жыл басталғалы елімізде әлеуметтік желілер, соның ішінде WhatsApp мессенджері арқылы хабарласатын алаяқтар көбейіп кетті. Олардың қандай сценарий бойынша жүретіндерін Fingramota.kz-пен бірге анықтап көрейік.

Телефон соғу

Бүгінде қазақстандықтардың көбіTikTok әлеуметтік желісінде қателесіп жіберілген ақша аударымдары жөнінде жарыса айтып жатыр. Бұл жердегі алаяқтықтың жүру барысы мынадай: олар онлайн-банкингтің көмегімен азаматтардың шоттарына ақша аударымдарын жібереді. Бұдан кейін сіздің телефоныңызға ақшаны сізге «қателесіп» салып жіберген адам қоңырау шалады. Ол түрлі ертегі құрастырып, әлгі қаражат баласының еміне арналғанын, аударымның клиниканың немесе қандай да бір дәріхананың шотына түсуі керектігін, сізді сендіру үшін бар әрекетті жасайды. Әңгіменің соңында кері аударым жасауды, бірақ ақшаны басқа нөмірге жіберуді сұрайды.

Олар айтқан нөмір сіздің нөміріңізге ұқсас болуы, тек бір-екі саны ғана басқа болуы мүмкін.Егер сіз ақшаны аударатын болсаңыз, онда сіз де алаяқтық схемаға қатысушы болып шығасыз, себебі сіздің шотыңыз транзит шот ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Үнемі өз шотыңыз бойынша үзінді-көшірмені қарап, зерттеп отырыңыз. Ол сізге кімнен және қашан ақша түскенін біліп отыру үшін қажет. Егер сіз ақша аударымы қате екендігіне 100 пайыз көз жеткізсеңіз, онда банкке соманы қайтару жөнінде жазбаша өтініш жазыңыз, сонда қаржы институты ҚР заңнамасы бойынша төлемдерді қайтару рәсіміне сәйкес кері аударым жүргізеді.

SMS-хабарламалар жіберу

«Қазпоштадан» келетін SMS-хабарламалардың көмегі арқылы алаяқтардың банк карточкасынан ақша шешіп алу жағдайы кеңінен таралып жатыр. Оның сценарийі мынадай: алаяқтар болашақ құрбанына хабарлама жібереді, онда оған арналған сәлемдемені мекенжайы көрсетілмегендіктен жеткізу мүмкін емес екендігін жазады.

Хабарламада мекенжайды енгізіп, сілтеме бойынша өтіп, жеткізу үшін қайта өтініш жасауды сұрайды. Бұдан кейін алаяқтар «Қазпоштаның» ресми сайтының интерфейсімен (тауарды жеткізу немесе ақысын төлеуге арналған) берілген сілтемеге өтуді сұрайды. Егер сіз ол сілтемеге өтсеңіз, онда интернет-алаяқтар бірнеше секундтардың ішінде сіздің шотыңызды «тазалап» шығуы мүмкін.

Фишинг — қаржылық алаяқтықтың бір түрі, мұнда қаскүнемдер клонойлап табады, мәселен, қаржы институттарының танымал сайттарының клонын жасап және қолда бар пошталық мекенжайлардың базасы арқылы фишингтік сілтемелерді таратады.

Егер сіз шынымен де сәлемдеме күтсеңіз, онда оның мәртебесін сайттан немесе post.kz мобильді қосымшасынан тексеріңіз, сондай-ақ ақпаратты 1499 нөмірі бойынша нақтылауға болады.

Кеңінен таралған алаяқтықтың тағы бір тәсілі – WhatsApp-тағы барлық нөмірге жалған шоттарды көрсете отырып, түрлі сылтаумен ақша жіберу керектігін айтып, хабарлама таратады. WhatsApp-ты бұзып кіріп, ол арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлерін бұған дейін айтқан болатбыз.

Fingramota.kz  оқырмандарына WhatsApp-аккаунтыңызға өзіңізден бөлек тағы біреудің қатар кіріп отырғанын қалай тексеруге болатынын естеріңізге салады. Ол үшін WhatsApp-тың «Баптаулар» («Настройки») бөліміндегі «Қоса жүрген құрылғылар»-ға («Привязанные устройства») кіріп қарай аласыз. Егер құрылғыға қосылып тұрған болсаңыз, дереу шығып кетуге болады.

Сондай-ақ ешқашан:

Авторизацияланбаған дүкендерден смартфонға қосымша орнатпаңыз;

Күдікті сілтемелер бойынша өтпеңіз және конфиденциалдылық теңшеулеріне мұқият болыңыз;

Антивирус бағдарламасын жаңартуды ұмытпаңыз, ол сіздің гаджетіңізге алаяқтық шабуылдар болған жағдайда, оларды бұғаттап тастайды;

Ақшаға қатысты кез келген ұсыныстарға, лотереядағы ұтыс болсын, кездейсоқ аударым немесе достарға көмек сияқты ұсыныстарға да сақтықпен қараңыз;

Кез келген ақпаратты мұқият, қайта-қайта тексеріңіз және қаржыға қатысты маңызды шешімдер қабылдаған кезде асықпаңыз.

Өзіңізге және өз ақшаңызға абай болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге алаяқтықтың жаңа схемалары туралы хабардар болып отырыңыз!

 Fingramota.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button