Жаңалықтар

Өрттен абай болыңыз!

Сақтық

Үйде тамақ дайындау— күнделікті істердің бірі. Тамақ пісіру кезінде кей адамдар  өртқауіпсіздігініңқарапайымережелерінсақтамайды. Соның салдарынан қайғылы жағдайлар болуы мүмкін.

Кастрюльді пешке қойып, шаршап немесе мас күйінде ұйықтап қалатындар болады. Тіпті кейбіреулер шаруаларымен үйден шығып кетеді. Өкінішке қарай, осы кездетамақ күйіп, үйдің іші түтіндеп, ауада газ пайда болады. Газдан улану осылай болады.

Сонымен қатар газ плитада жанып тұрған жалын үлкен өртті тудыруы мүмкін. Соның кесірінен плита істен шығып,адам өлімі болуы мүмкін.

Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

– газ плиталарын қажетсіз қоспаңыз және оттықтарды қараусыз қалдырмаңыз;

– пісіріп жатқан тағамды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмаңыз, жанып жатқан майды раковинаға құймаңыз немесе оны сумен сөндірмеңіз, бұл өрттің бүкіл бөлмеге таралуып кетуіне әсер етеді;

– ашық от көзі перделердің жанында болмауға тиіс, шамдар мен люстраларды қағазбен жаппаңыз.Сондай-ақ радиаторларға ешқандай заттар қоймаңыз;

– пешті жылыту кезінде жылына кемінде 2 рет құбырларды тазалаңыз, бұл өрттің алдын алуға сеп;

– жылу көзінің жанында аэрозольдерді сақтамаңыз немесе шашыратпаңыз, оның сыртқы қораптарын бөлшектемеңіз немесе балаларға ойнауға бермеңіз;

– темекіні арнайы жерге ғана шегіңіз;

– ашық отпен ойнамаңыз;

– күнделікті өмірде тек жарамды электр құрылғыларын қолданыңыз, оларды нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз және техниканы қараусыз қалдырмаңыз;

– сіріңкелермен немесе басқа ашық отпен газдың шығу жерін іздемеңіз;

– заттарды нитро бояумен бояу кезінде темекі шекпеңіз;

-барлық құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз.

Құтқар уқызметінің телефоны: 101, 112.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button